Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда сотталған азаматтарға «Спеши любить» фильмі көрсетілді

Алматыда сотталған азаматтарға «Спеши любить» фильмі көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №13 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға америкалық кинорежиссер Адам Шенкман түсірген «Спеши любить» кинофильмі көрсетілді.

Кино сюжетінде екі жастың арасындағы шынайы сүйіспеншілік сезімінің ешқандай кедергіге қарамайтыны туралы баяндалады. Аяғы қайғылы аяқталса да Лэндон мен Джейми арасындағы сезімнің адамның адал өмір сүруіне ықпал ететін қасиет екенін дәлелдейді.

– Сотталғандармен үнемі тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар өткізіп, еркіндікке шыққан соң адаспай өмір сүруге бейімдейміз. Сондай іс-шаралардың бірі – тәрбиелік мәні зор шығармалармен таныстыру, – дейді сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің аға инспектор психологы Ж.Шубаева.

Сотталғандар көрген фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, адал сезімнің адам тағдырына әсер ететін оң ықпалы жайлы әңгімелесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру