Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Елімай» ФК жаттықтырушысы Самат Смаков алаяқтардың құрбаны болмау туралы кеңестерімен бөлісті

«Елімай» ФК жаттықтырушысы Самат Смаков алаяқтардың құрбаны болмау туралы кеңестерімен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтармен күресудің тиімді әдістерінің бірі-халықтың ақпараттық және құқықтық сауаттылығын арттыру. Танымал тұлғалармен өзара әрекеттесу, олардың бейне хабарламасы қоғамдық пікірге үлкен әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар қаралым жағынан да үлкен көлемде таралуы ықтимал.

Атақты қазақстандық футболшы және «Елімай» футбол клубының бас бапкері Самат Смақов алаяқтар үшін кең таралған тәсілдерінің бірі банктер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан шалынатын телефон қоңыраулары екендігін айтты.

Егер азаматтар төмендегі қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаса, алаяқтардың арбауынан қауіпсіздікте болуға қол жеткізеді:

– Банктер немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің «телефон» нұсқауларын орындамаңыздар;

– Күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмаңыздар;

– Банктік қызметтерге кіру құпия сөздерін үнемі өзгертіңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру