Ақтөбе полицейлері автобөлшектерді ұрлаған күдіктіні қолға түсірді
Ақтөбе полицейлері автобөлшектерді ұрлаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 тамызда күндізгі уақытта белгісіз тұлға Ақтөбе қаласының сыртындағы автобөлшектер сататын жерде Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің дөңгелектерінен төрт титан дискілердің қақпақшаларын ұрлап кеткен. 31 жастағы кәсіпкерге келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында бейнекамералардың жазбаларын мұқият зерделеп, нәтижесінде күдікті тұлғаны анықтады. Ол 52 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Күдікті жасаған қылмысын мойындады. Ұрланған автобөлшектер иесіне қайтарылды.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр.