Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Батыс Қазақстанда жол апатынан 2 адам ажал құшты

Батыс Қазақстанда жол апатынан 2 адам ажал құшты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 тамыз күні сағат түнгі 00:00 кезінде Орал – Атырау тасжолының 28-шақырымында Щапов ауылының маңында 31 жастағы азамат ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, 44 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Volkswagen Passat  жеңіл көлігіне қарсы соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 44 жастағы Volkswagen Passat  автокөлігінің жүргізушісі және сол көліктің 30 жастағы әйел жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ Volkswagen Passat  автокөлігінің 37 жастағы және кәмелетке толмаған екі жастағы, төрт жастағы, 12 жастағы жолаушылары ауруханаға жеткізілді.

Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру