Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 85 шетелдік ұсталды

Қостанай облысында «Учаске» жедел алдын алу шарасы шеңберінде көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған 85 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД көші-қон қызметінің мамандары ҰҚК департаментімен, облыс прокуратурасымен, ҚР ҰҚК шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасымен бірлесіп «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде шетелдік азаматтардың көші-қон саласындағы заңнаманы сақтауы бойынша іс-шаралар өткізіп жатыр.

Қостанай облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, шілде-тамыз айларында облыс аумағында рейдтік іс-шаралар барысында Үндістанның 34 азаматы, Пәкістанның, Сирияның және Непалдың 3 азаматы анықталған. Олардың барлығы келген елдің көші-қон заңнамасын бұзған. Іс жүзінде барлық шетелдіктердің елде заңды мерзімі өтіп кеткен.

Өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша Үндістан мен Пәкістанның 23 азаматына қатысты елден шығарып жіберу шаралары қабылданды және олар әкімшілік айыппұлдар түріндегі жазаға тартылды.

Қабылдаушы тараптардың біріне қатысты заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Үндістанның бір азаматы мен Непалдың үш азаматына қатысты Қазақстанның шекара қызметі ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында 17 тамызда өңірдің құрылыс нысандарының бірінде еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған 42 Өзбекстан азаматы анықталды.

Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған бизнес субъектісіне ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және еңбек көшіп келушілерді тарту) бойынша әкімшілік материал жасалды.

Баптың санкциясында 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Облыс аумағында заңсыз көші-қон арналарын анықтау бойынша «Учаске» жедел алдын-алу шарасы шеңберінде мүдделі қызметтермен бірлескен іс-шаралар жалғасып жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру