Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Успенде полиция қызметкерлері жолдарды тексерді: 140 лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылды

Павлодар облысында жолдарды дұрыс күтіп ұстамаған 140 лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында Успен ауданының ПБ қызметкерлері ауданның автомобиль жолдарының, жол құрылыстарының және жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын пайдаланудың жай-күйіне тексеру жүргізді.

Жыл басынан бері Успен ауданында 959 шақырымнан астам аумақты қамтитын жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 52 тексеру жүргізілді, оның барысында 288 ақау анықталды.

– Мысалы, 10 тамызда Ковалев ауылында көше-жол желісін инспекциялау барысында екі мердігер ұйым кент жолдарының ішінде орташа жөндеуді жүзеге асыру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда 1.23 жол белгілері жоқ “Жол жұмыстары” және жұмыстарды жүргізудегі ордерлердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету схемасында бекітілген басқа да жол белгілері жоқ. Осы факт бойынша ҚР СТ 2607 “Жол жұмыстары жүргізілетін жерлерде қозғалысты ұйымдастырудың техникалық құралдары” стандартын бұзғаны үшін заңды тұлғалар 631-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және қысқартылған тәртіппен 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Жұмыс уақытша тоқтатылды, анықталған кемшіліктерді жоюға нұсқамалар берілді, – деді Успен ауданы ПБ әкімшілік полиция тобының бастығы Александр Семенченко.

Жалпы, жыл басынан бері Павлодар облысында 22 мың шақырымнан астам аумақты қамтитын жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 899 зерттеу жүргізілді, оның барысында 2001 ақау анықталды. Жолдарды қанағаттанарлықсыз күтіп ұстағаны және жолдарда жұмыс жүргізу қағидаларын бұзғаны үшін 140 лауазымды және заңды тұлға жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру