Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні қолға түсірді

Ақтөбе облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Ақтөбе қаласында есірткі қойып кетушіні ұстады.

Полицейлер 33 жастағы күдіктінің сөмкесінен ұнтақ зат салынған 13 түйіншекті тәркіледі. Тексеру жұмыстарын жүргізу барысында қаланың әр жеріне қойылған есірткі заттары табылып, алынып тасталынды. 

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар пирролидиновалерофенон (А-PVP) психотроптық заты болып шықты. Жалпы салмағы шамамен – 23 грамм.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібінде ұсталып, Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру