Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық жеткіншек футбол алаңынан ойыншылардың телефонын ұрлап кеткен

Елордалық жеткіншек футбол алаңынан ойыншылардың телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы Байқоңыр аудандық ПБ-ның полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан 16 жастағы кәмелетке толмаған жас жеткіншекті анықтаған.

Анықтай келгенде жас жігіттің бір күнде футбол алаңынан ұялы телефон ұрлаудың екі фактісіне қатысы бар екені белгілі болған. Ол жасөспірімдер футбол ойнап жатқан Янушкевич көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында қараусыз қалған құнды заттарды байқаған.

Кәмелетке толмаған балалардың ойынға алданып жатқан сәтін пайдаланып, әмияндағы Xiaomi Redmi Not 10 және қасында тұрған Realmе телефондарын ұрлап, із-түссіз оқиға орнынан кетіп қалған.

Күдікті ұрланған заттарды сатып жіберген.

Барлық фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Кәмелетке толмаған азамат заңды өкілдеріне беріліп, ювеналды полиция қызметкерлерінің ерекше бақылауына алынды. Оның бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру