Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғындарынан тіркелмеген қару тәркіленді

Полицейлер «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Тереңкөл ауданындағы ауыл тұрғындарынан тіркелмеген қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде Тереңкөл ауданының полицейлері бекітілген әкімшілік учаскелер бойынша, оның ішінде Ертіс өзенінің жайылмасында, аңшылық алқаптарының аумақтарында рейдтік іс-шаралар өткізді. Елді мекендерде аулалық аралаулар жүргізілді.

28 тамыз күні осындай іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер ішкі істер органдарында тіркелмеген қарудың екі бірлігін тапты. Аудан ауылдарының тұрғындарынан бір тегіс ұңғылы қару мен газды қару тәркіледі.

Осы факті бойынша құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды.

– Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Берік Қапкенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру