Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Назар аударыңыз, балалар!” іс-шарасына 800-ден астам полицей жұмылдырылды

Шымкентте “Назар аударыңыз, балалар!” профилактикалық іс-шарасына 800-ден астам полицей жұмылдырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шымкентік полицейлер күшейтілген күн тәртібінде қызмет атқарады. Сәйкесінше, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, автокөлік жүргізушілерінің, әсіресе мектеп маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзуына жол бермеу мақсатында республикалық “Назар аударыңыз, балалар!” ЖПІШ басталды.

Аталған шараға 824 тәртіп сақшысы жұмылдырылды. Олар қала аумағындағы 246 мектепке қызмет көрсетеді.

Ювеналды полиция инспекторлары білім ошақтарының алдында таңғы сағат 7:00-ден кешкі 19:00-ге дейін оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері балалар мен жасөспірімдерге жол жүру ережелерін сақтау, қылмыс пен заң бұзушылық жасамау туралы құқықтық сағаттар өткізетін болады.

Айта кетейік, аталған жедел-профилактикалық іс-шара 1-30 қыркүйек аралығында жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру