Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде 19 жастағы есірткі қойып кетуші ұсталды

Өскеменде 19 жастағы есірткі қойып кетуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Қарасора” жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында облыс орталығы көшелерінің бірінде 19 жастағы есірткі қойып кетушіні ұстады.

Жігітті дереу тінту кезінде полицейлер салмағы 18,94 грамм мефедрон және 4,62 грамм a-RVP психотроптық заттарын барсеткадан тауып, тәркіледі. Есірткінің жалпы салмағы 23,56 грамм болды. Жас жігіттің айтуынша, ол тыйым салынған заттарды одан әрі сату мақсатында сақтаған.

Қазіргі уақытта ер адам соттың санкциясымен қамауға алынды.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Жыл басынан бері ШҚО полицейлері 275 келі түрлі есірткі заттарын, оның ішінде 5 келі-ден астам синтетикалық зат тәркілегенін айта кеткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру