Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік тұрғын алаяққа алданып, футболға жалған билет сатып алды

Ақтөбе облысының тұрғыны алаяққа алданып, футболға жалған билет сатып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қыркүйек күні қалалық полиция бөліміне 26 жастағы ақтөбелік арызданды. Ол интернет арқылы футбол ойынына билет сатып алмақ болып, Instagram парақшасы арқылы сатушымен электронды билетті сатып алу үшін келісіп, ақшасын электронды түрде аударып жіберген. Алайда сатып алған билеті жарамсыз болып шыққанын білгеннен кейін, ол алаяқтардың қармағына түскенін түсініп, полицияға жүгінген.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілу барысында 30 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру