Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ПД бастығы ҚР чемпионатында жүлделі орын алған спортшы полицейді құттықтады

Елордалық бас полицей Қазақстан Республикасы чемпионатында жүлделі орын алған спортшы полицейлерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қалалық ПД бастығы Марат Төлебаев республикалық спартакиадада жүлделі орындарға ие болған полицей спортшыларды лайықты жеңісімен құттықтады.

Ақтөбе қаласында «Стандарт» пәні бойынша карабиннен практикалық ату бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Қызу өткен жарыстардың қорытындысы бойынша Астана қаласының командасы жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаған елордалық полиция басшысы мықты қарсыластармен тартысты өткен жарыста Астана полицейлері жоғары шеберлік, қайтпас ерік-жігер мен шынайы спорттық мінез танытқанын атап өтті.

Ату спортының бұл түрінің басты ерекшелігі – жоғары динамизм мен ұтқырлық, фристайл. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, атқыштар қаруды дәл және жылдам ату және манипуляциялау ғана емес, сонымен қатар әр жаттығудан өтудің дұрыс жоспары мен тактикасын құрастыру, өз әрекеттерін есептеп, қиындықтарды жеңе білуі керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру