Алматы полициясы азаматтық қару иелерін тексеріп жатыр
Алматы полициясы азаматтық қару иелерін тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ тіркелген қаруды қолдана отырып қылмыс жасау деректерінің алдын алу мақсатында Алматы қаласы полиция департаментінің Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімі меншік иелері мен пайдаланушылардың азаматтық және қызметтік қаруды, оның ішінде арнайы жарғылық міндеттері бар заңды тұлғаларды, қару айналымы талаптарын сақтауына тексеру жүргізіп жатыр.
Іс-шара аясында азаматтық қарудың жеке иелеріне, қызметтік қаруы бар күзет ұйымдарына, қаладағы мамандандырылған дүкендерге 30 мыңнан астам тексеру жүргізілді.
– Осындай іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қаруды сақтау жағдайларын, бекітілген сейфтің бар-жоғын, күзет дабылының жұмыс істеп тұрғанын, қарудың өзін, қарудың нөмірлерін оны сақтауға және алып жүруге рұқсат етілген нөмірлермен сәйкестігін тексереді. Сонымен қатар қару иелерімен және пайдаланушылармен қаруды сақтау ережелерін қатаң сақтау, рұқсаттардың қолданылу мерзімін сақтау, сондай-ақ қару-жарақ саласындағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің дәрежесі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.
Спикердің айтуынша, қабылданған шараларға қарамастан, кейбір азаматтар қару мен оқ-дәрілерді сақтау ережелерін, оларды тіркеу және қайта тіркеу тәртібін де бұзып жатады. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері 1250 қару иесінің, оның ішінде 20 заңды тұлғаның заң бұзушылықтарын анықтады.
– Бұзушылыққа жол бергені үшін көрсетілген қару иелері қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылықтар үшін салынған және өндірілген әкімшілік айыппұлдар сомасы 29 миллион теңгеден астамды құрады. Бір жыл ішінде бірнеше рет заң бұзушылыққа жол бергені үшін төрт жеке меншік иесіне және бір заңды тұлғаға қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат қайтарып алынды, – деді Құлбаев.