Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте болашақ заңгерлер полиция музейіндегі 4 мыңнан астам экспонатпен танысты

Шымкентте болашақ заңгерлер полиция музейіндегі 4 мыңнан астам экспонатпен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің музей ісі маманы Гүлнәр Шалқарқызы экскурсия жасауға арнайы келген кезекті қонақтарды күтіп алды. Бұл жолы Қазақстан полициясының тарихымен танысуға Мирас университетінен Құқықтану және кеден ісі факультетінің 4-курс студенттері келді.

Экскурсия барысында білімгерлер департамент музейінің 5 бөлімнен тұратын залдарын аралап, құнды жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Екатерина Точилова құқық қорғау органдарына жұмысқа орналасуды мақсат еткен болашақ заңгерлердің бойынан қандай адами қасиеттер табылу керектігін және нендей ресми құжаттар жинақтау қажеттігін түсіндіріп берді.

Қазіргі таңда, мұражайда 4 мыңнан астам экспонат сақталуда. Оның ішінде XІХ ғасырдағы қылыштар, даңқты генералдар мен батыр полицейлердің өмірбаяндары, ордендері мен қол сағаттары, тіпті қызметтік формалары бар. Сондай-ақ мұнда полицейлердің мотокөлігі және өткен ғасырдағы басшылар отырған үстел, майшамдар, қару-жарақ түрлеріне дейін әкелінген.

Айта кетейік, департаментке келген құрметті қонақтардың барлығы әуелі мұражайды аралайды. Бұдан бөлек, музейге қызығушылық танытып, тарихпен танысқысы келетін азаматтарға арнайы эскурсия жұмыстары ұйымдастырылады. Бұл азаматтардың бойындағы патриоттық сезімді оятуға зор үлес қосады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру