Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері бір түнде мас күйдегі 54 тұрғынды жауапкершілікке тарты

Петропавл полицейлері бір түнде мас күйдегі 54 тұрғынды жауапкершілікке тарты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарды. Оған учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмылдырылды.

Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың басым бөлігі мас күйде жасалады. Сәйкесінше, тәртіп сақшыларының жүргізген жұмыстары да қоғамдық орындарда мас күйде жүретін тұлғаларды анықтауға бағытталған. Медициналық куәландырудан өткізу үшін облыстық наркологиялық орталыққа бір түнде мас күйдегі 54 қала тұрғыны жеткізілді. Куәландыру нәтижелеріне сәйкес, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

– Ювеналдық полиция қызметкерлері түнгі уақытта ойын клубтарының бірінде жүрген жасөспірімді анықтады. Сондай-ақ қаланың көшесінде мас жүргізуші тоқтатылды. Бұдан бөлек, учаскелік полиция инспекторлары шартты-мерзімінен бұрын босатылған тұлғаларды мекенжайлары бойынша тексерді, қаладағы жатақханаларға да бас сұқты. Әкімшілік заңнаманы бұзу қоғамға қауіп тудыруы мүмкін, сондықтан бұл сала үнемі полиция қызметкерлерінің ерекше назарында, – дейді Петропавл қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру