ШҚО тұрғыны діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды
ШҚО тұрғыны діни сипаттағы материалдарды таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыстың 66 жастағы тұрғыны Өскемен қаласының дәмханаларының бірінде діни әдебиет тарату фактісін анықтады.
Жиналған материалдар дін істері басқармасына жіберілді, жүргізілген дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша ұсынылған брошюралар мен буклеттердің діни мазмұны расталды.
Жоғарыда аталған ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді ер адамға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді.