Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында есірткіге қарсы спорттық іс-шара өтті

Екібастұз қаласының “Жасыбай” спорт кешенінде “Спорт есірткіге және буллингке қарсы” ұранымен “Күрес фестивалі” атты спорттық іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Фестиваль 14 жас және одан кіші ұлдар мен қыздар арасында еркін күрес және дзюдо күресі бойынша өткізілді, оған Екібастұз бен Баянауыл ауданының 160 спортшысы қатысты.

Іс-шараны өткізудің басты мақсаты мен міндеті балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға қызығушылықты дамыту, есірткі заттары мен алкогольді қолдануға теріс қатынасты қалыптастыру, дзюдо мен еркін күресті дамыту және насихаттау, спортшылардың жеке шеберлігін арттыру болды.

Жарыс басталар алдында спортшыларға Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов сөз сөйлеп, қатысушыларға жеңіс тіледі.

– Бүгінгі салауатты өмір салты – уақыт талабы. Дені сау сәнді және беделді болу. Еркін күрес және дзюдо күресі бойынша турнирлер өткізу өз күштерін іске асыруға және бір мақсатқа – салауатты өмір салты мен жеңіске ұмтылуға мүмкіндік береді. Біз бүгін тамашалаған керемет күрес үшін барлық қатысушыларға үлкен рахмет, – деп атап өтті Т.Құдайбергенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру