Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында полицейлер ер адамды ауруханаға жеткізуге көмектесті

Павлодар облысында полицейлер ер адамды ауруханаға жеткізуге көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында полиция қызметкерлері ер адамды дер кезінде ауруханаға жеткізуге көмектесіп, оның өмірін сақтап қалуға өз үлестерін қосты.

Патрульдік қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Нұржан Құндақбаев пен Абай Асылхановқа әйел адам жүгініп, көлігінің салонында шұғыл медициналық көмекке мұқтаж күйеуі отырғанын айтқан. Жағдайдың шұғыл екенін түсінген тәртіп сақшылары уақыт жоғалтпай, медициналық мекемеге дейін көлікті кедергісіз әрі жедел сүйемелдеуді қамтамасыз етті.

Оқиғадан кейін ер адамның жұбайы Павлодар облысы полиция департаментінің әлеуметтік желідегі Instagram ресми парақшасына полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

— Борт нөмірі 661 жол-патрульдік экипажының құрамындағы Нұржан Құндақбаев пен Абай Асылхановқа алғысымды білдіргім келеді. 29 тамызда біз өз көлігімізбен ауруханаға бара жатқан едік. Жолда күйеуім ес-түссіз жағдайда болды. Жігіттер бізді жансақтау бөлімінің есігіне дейін алып барып, дәрігерлерге тапсырды.
Дәрігерлер оны ауруханаға дер кезінде жеткізгенімізді, ең қымбат минуттарды жоғалтпай, өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бергенін айтты. Уақытылы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оның жағдайы жақсарып, қазір оңалып келеді.
Көрсеткен қолдауларыңыз бен көмектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сіздердің аналарыңызға мың алғыс – олар нағыз азамат тәрбиелеген! Алла Тағала өздеріңізге және отбасыларыңызға мықты денсаулық пен бақ-береке берсін! Рақмет үлкен!,  – деп жазды әйел.

Полицияның атап өтуінше, кез келген жағдайда қызметтік міндетпен қатар, адамдық парызды да есте сақтау – барлық жеке құрам үшін басты ұстанымдардың бірі.

Павлодар облысының полицейлері бұған дейін де түрлі төтенше жағдайларда азаматтарға көмек көрсетіп, ондаған адамның өмірін сақтап қалуға үлес қосқан.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру