«Бәліштің қорабына жасырылған 11 телефон»: колонияға тыйым салынған затты өткізудің жолы кесілді
Әйелдер колониясына қысқа мерзімді кездесуге келген ер адам Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №10 мекемесіне 11 телефон салынған бәліш қорабын кіргізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 қауіпсіздігі орта мекемесіне ер адам тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқан.
Ер адам он бір телефонды печенье мен пирог қораптарына жасырып, оларды өткізбек болды.
Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында өткізу фактісінің алды алынып, 11 телефон, екі қуаттағыш, құлаққап және 17 электронды темекі таяқшалары тәркіленді.
– Қазіргі уақытта әкімшілік шешім қабылдау үшін ер адамға қатысты материалдар Іле ауданының полиция басқармасына жіберілді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.