Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік тұрғын өзгенің автокөлігін металл қабылдау пунктіне өткізіп жіберген

Ақтөбелік тұрғын өзгенің автокөлігін металл қабылдау пунктіне өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қыркүйекте полиция бөліміне 31 жастағы ақтөбелік ұрлық дерегі туралы арызданды. Арызданушының айтуынша, белгісіз тұлғалар Ақтөбе қаласындағы бау-бақша ұжымының аумағында салынып жатқан үйдің ауласынан жүруге жарамсыз күйде тұрған ГАЗ-52 бензовоз автокөлігін ұрлап әкеткен.

Осы дерек бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Күдікті хабарландыру сайты арқылы манипулятор автокөлігін шақырып, жарамсыз көлікті манипуляторға тиеп, қала сыртында орналасқан металл қабылдау пунктіне 225 мың теңгеге тапсырғаны анықталды. Ұрланған автокөлік тәркіленді.

Ұрлық дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру