Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде түзеу мекемелерінің қызметкерлеріне жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақтөбеде түзеу мекемелерінің жеке құрамына арнайы құралдарды қолдану және жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арнайы контингентке қарсы дене күшін, арнайы құралдар мен атыс және өзге де құралдарын қолдану, тасымалды бейнетіркегіштерді қолдану, ақпаратты шығару және сақтау тәртібі, сондай- ақ жеке құрам арасында жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыптары Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамымен өткен кездесуде талқыланды.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелердің жеке құрамымен ҚАЖК-нің режим, қадағалау және күзет басқармасының бас маманы Б.М.Мустафиннің және Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Н.Т.Кабдикаримовтің қатысуымен арнайы контингентке қарсы дене күшін, арнайы құралдар мен атыс және өзге де құралдарын қолдану, тасымалды бейнетіркегіштерді қолдану, ақпаратты шығару және сақтау тәртібі, сондай- ақ жеке құрам арасында жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыптарында кездесу өтті.

Кездесу соңында, сонымен қатар кадр саясаты бөлімшесінің инспектор-полиграфологы Ш.Медетовамен жеке құрам арасында “Стресс, жеке кұрам арасында психикалық өз-өзін реттеу” және “Аутоагрессивті мінез-құлықтың алдын алу ” тақырыптарында семинар-тренинг өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру