Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан тұрғын ұсталды

ШҚО-да әлеуметтік желілер арқылы есірткі таратумен айналысқан тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында ШҚО ПД полицейлері әлеуметтік желілер арқылы есірткі заттарын таратумен айналысқан облыс орталығының 22 жастағы тұрғынын ұстады.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат жалпы салмағы 30 грамнан асатын психотропты Альфа-pvp болып шықты.

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру