ШҚО-да 700 мың теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды
ШҚО-да 700 мың теңге айыппұлы бар жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығында жылдам жүру әуесқойын интеллектуалды бейне жүйе арқылы анықтады. Өскеменде жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында 700 мың теңгеге жуық заң бұзушылықтарды төлеуге асықпаған жеңіл автокөліктің жүргізушісі анықталды.
– Рейд барысында Сергек-қорғау АБК көмегімен полиция қызметкерлері Lada Priora автокөлігін тоқтатқан, оның иесі ЖҚЕ өрескел бұзушысы. Көлік иесінің атында қозғалыстың белгіленген жылдамдығын бұзғаны үшін жалпы сомасы 700 мың теңге төленбеген 12 айыппұл бар. Құқық бұзушының көлік құралы берешегі толық өтелгенге дейін мамандандырылған тұраққа қойылды, – деді ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркін Әнуарбеков.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыста Сергек АБК арқылы 128 мыңнан астам жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері анықталған. ШҚО полиция департаменті жол жүрісі қағидаларын бұзбауға кеңес береді, себебі бұл айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.