Алматы полициясы шағын футболдан турнир өткізді
Алматы полициясы шағын футболдан турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы ПД бөлімшелері арасында ұйымдастырылған турнир «Абай» стадионында өтті. Оған 15 команда қатысты, яғни 180 қатысушы.
– Әр уақытта дене шынықтыру және спорт полиция қызметкерлеріне жедел-қызметтік тапсырмаларды сәтті орындауға ықпал ететін жаңа дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Бүгінгі ойын жарқын әрі қызық болды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынды Алматы қаласы ПД аппаратының құрама командасы иеленді. Ал 2-орынды ЖҚАЖ командасы жеңіп алды. Жүлделі 3-орын Түрксіб аудандық полиция басқармасының командасына бұйырды.
Ерекшеленген қызметкерлерге сыйлықтар табыс етілді. Атап айтқанда, «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Түрксіб аудандық ПБ-ның жедел уәкілі Балабек Алмас ерекшеленді. «Үздік қорғаушы» Алмалы ауданы ПБ-ның аға тергеушісі Ахмет Заманбек атанды. Ал «Турнирдің үздік ойыншысы» атағы ЖҚАЖ аға инспекторы Демесін Дінасылға берілді.