Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының полицейлері Халықаралық қарттар күніне орай полиция ардагерлерін құттықтады

Халықаралық қарттар күнінде Жетісу облысының полицейлері жүрегінен жарақат алғанына қарамастан қылмыскерді ұстап, Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған учаскелік полиция қызметкері Илья Руденкоға да барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Тепсе темір үзетін ер азаматтар” деп біздің темірдей төзімді, қайсар полиция ардагерлеріне қатысты айтуға болады. Осы демалыс күндері Жетісу облысының полицейлері Халықаралық қарттар күніне орай полиция ардагерлерін құттықтап шықты.

Облыс көлемінде ардагерлерге ілтипат көрсету шаралары ұйымдастырылды. Талдықорған қаласында полицейлер облыстық Ардагерлер кеңесімен бірлесіп, 26 зейнеткерге барды. Қарапайым сыйлықтардан басқа тәртіп сақшылары өз күштерімен шағын концерт ұйымдастырды. Гитара мен домбыраның сүйемелдеуімен олар ақ самайлы әріптестерінің алдында өткен дәуірдің танымал хиттерін орындады.

– Бұл мереке – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының, уақыт байланысының символы. Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы барша ардагерлерге зор денсаулық, бақыт және ұзақ ғұмыр тілейді, – деді Жетісу облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Талант Жұмабек.

Сондай-ақ полицейлер Текелі қаласының құрметті ардагерлерінің бірі Илья Руденкоға да барды. Қажырлы, қайратты азамат кәсіби қызметінің көп бөлігін туған қаласының ішкі істер бөліміне арнады. Сонау 1989 жылы қылмыскерді ұстау кезінде аға учаскелік полиция қызметкері Илья Руденконы қылмыскер жүрек тұсына пышақ сермеп, жарақаттайды. Илья Ильич жарақатына қарамастан, қылмыскердің қашып кетуіне мүмкіндік бермей, көмек келгенше оны жібермей ұстап тұрады. И.Руденкоға күрделі операция жасалып, сауыққан соң өз қызметін жалғастырды. Қауіпті қарулы қылмыскерді ұстау кезінде көрсеткен ерлігі үшін Текелі учаскелік полиция қызметкері сол жылдары “Кеңес Одағының Батыры” атағынан кейінгі екінші орында тұрған “Қызыл Жұлдыз” орденімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру