Алматы полициясы есірткі сатушыларды қолға түсірді
Алматы полициясы есірткі сатушыларды қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы полицейлері есірткі сатушыларды ұстау іс-шарасын жүргізді.
– ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен 35 жастағы П.есімді азамат және оның серігі 30 жастағы Ч.есімді азаматша ұсталды. Олардың көлігін тінту кезінде шаңды және ұнтақты заттар салынған 100-ден астам бума, сондай-ақ құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жұптың тұрғылықты жерінен тағы 40 байлам мен басқа да керек-жарақтар табылды: электронды таразылар, бүріккіште бояуы бар трафареттер. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.