Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа заманауи мүмкіндіктер: ІІМ Алматы академиясында медиа-орталық ашылды

 ІІМ Алматы академиясында медиа-орталық ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ Алматы академиясында оқу орнының қызметі мен жаңалықтарымен ақпараттандыратын маңызды ақпарат көзі саналатын жаңа медиа-орталық ашылды. Оның ресми ашылуына ІІО ардагерлері, Ішкі істер министрлігінің өкілдері, академия бастығы және басқа да қонақтар қатысты.

Медиа-орталық баспасөз конференцияларын, брифингтерді және басқа да іс-шараларды өткізуге арналған алаң. Мұнда баспасөз және медиа өкілдері маңызды оқиғалар, жобалар мен зерттеулер туралы өзекті деректерді ала алады, сондай-ақ академия өкілдерімен сұхбат жүргізе алады. Бұл академияның көпшілікке ашықтығын көрсетеді.

Сонымен қатар баспасөз орталығы полицияның оң имиджін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Медиа орталықтың ашылуы академияның жас курсанттарының ант беру рәсімінің маңызды бөлігі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру