Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы тұрғыны жаттығу залының жалған абонементін сатып алған

Алматы тұрғыны жаттығу залының жалған абонементін сатып алған. Өзін фитнес-жаттықтырушымын деп таныстырған ер адам тұрғынның 760 мың теңгесін қағып алғаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтық қылмысының ашылуы полиция қызметкерлеріне алғыс білдіруге себеп болды.

– Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне, Қ.Өтепбайға және Б.Бексұлтановаға алғыс айтқым келеді. Полиция қызметкерлері әділдік орнауына көмектесті. Қылмыс шілде айында болды. Өзін фитнес-жаттықтырушымын деп таныстырған ер адам жаттығу залының абонементін 760 мың теңгеге сатты, бірақ ол жарамсыз болып шықты. Мен полицияға арыз жаздым, олар маған көмектесті. Медеу аудандық ПБ-ның қызметкерлеріне өз міндеттерін адал және кәсіби орындағаны үшін шексіз алғысымды білдіремін. Бұл офицерлер сұрақтарыма түсіністікпен, белсенділікпен жауап беріп, қызметтік міндеттерін жедел, адал және толық орындады. Құқық қорғау органдарында өз ісінің нағыз мамандары, сезімтал азаматтар қызмет ететіні қуантады. Барлық қызметкерге зор денсаулық, ең бастысы отбасылық бақыт тілеймін, – деді алғыс хат авторы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру