СҚО полицейлері маусымаралық кезеңде жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады
СҚО полицейлері маусымаралық кезеңде жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмас үшін кең ауқымды алдын алу жұмыстарын жалғастыруда. Басты назарда автокөліктердің жүргізушілері ғана емес, самокат, скутер, велосипед мінгендер мен жаяу жүргіншілер де бар.
Күн сайын полицияның кешенді күштерін жұмыс орындарына тарату кезінде учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полицейлерге қызметтегі басым міндеттер мен бағыттар айқындалады. Жеке құрамға басқармалардың басшылары, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев нұсқаулық жүргізеді.
Міндетті түрде шлем кию, жаяу жүргіншілер өткелімен жүріп өтуге тыйым салу, жол үстінде жүрген кезде жүргізуші куәлігінің болуы. Бүгінгі күні полицейлер самокат пен скутер тізгіндегендердің арасында ауқымды алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
– Жыл басынан жол қозғалысын қадағалау барысында жол жүрісі қағидаларының 54 мыңнан астам бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 23 мыңы тікелей апаттылыққа әсер ететін өрескел бұзушылықтар. Сонымен қатар полиция қызметкерлері электрлі самокаттар, мопедтер, скутерлер жүргізушілері тарапынан бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Осылайша, 30 тамыздан бастап 154 электрлі самокат жүргізушісі, 40 мопед жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Сіздерді жол қозғалысын ережелерін қатаң сақтауларыңызды, әсіресе жылдамдық режимін төмендетулеріңізді, сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты төмендетулеріңізді, және қарсы бағыттағы жолға шықпауларыңызды сұраймыз – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Григорий Тыш.
Білім ошақтарындағы, көшелердегі түсіндіру жұмыстарымен қатар, тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерде де белсенді алдын алу жұмыстарын қолға алды. Жуырда полиция департаментінің қызметкерлері бірқатар бейнероликтер дайындады. Әртүрлі мамандықтардың өкілдері, қарапайым азаматтар мен балалар жерлестерін жол жүрісі қағидаларын мүлтіксіз сақтауға шақырады. Бұл ауа райының құбылмалы кезеңінде өте маңызды. Жауын-шашын, қар мен көктайғақтың ауылы алы емес.
9 айда Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 268 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 34 адам қаза тауып, 386 адам түрлі дене жарақаттарын алған.