Полиция мен ҮЕҰ сарапшылары қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады
Астанада Ішкі істер министрлігі ”Қазақстанның ХI Азаматтық форумы” қарсаңында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Форумның басты мақсаты – ведомствоның тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуда, адам саудасы мен есірткі саудасына қарсы іс-қимылда, сондай-ақ адам құқықтарын сақтауда азаматтық қоғаммен байланысын нығайту үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесуді орнату.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха форумды аша отырып, ІІМ-мен ынтымақтасатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне жүгінді.
– Құқық қорғау органдарының қызметінде азаматтық қоғам институттарымен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту, әріптестік қатынастарды қалыптастыру, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамытуда басым міндеттердің бірі. Форумның негізгі мақсаты –біздің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылымызды одан әрі нығайту, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру сапасын арттыру, сондай-ақ оларды іске асыру процесінде туындайтын өзекті мәселелерді шешу, – деп атап өтті Лепеха.
Сонымен қатар форумда бүгінгі таңда ІІМ құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау саласында 270-тен астам үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасып отырғаны атап өтілді. Бұл жоғалған азаматтарды іздеу, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасына, есірткіге тәуелді адамдарға, қолайсыз отбасыларға, “қиын” жасөспірімдерге көмек көрсету, сондай-ақ сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіру және т.б. мәселелер бар.
Талқылауға түскен маңызды тақырыптардың бірі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі болды. Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Сондай-ақ ведомство тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саласында 50 ҮЕҰ-мен тығыз жұмыс істейді. Жыл сайын полиция өмірлік қиын жағдайға тап болған 7,5 мыңнан астам әйелді дағдарыс орталықтарына жібереді. Оның ішінде 2 мыңнан астамы баспанаға орналастырылды.
Форумға қатысушылар өзекті тақырыптарды талқылап, сұрақ-жауап форматына көшті, онда туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.