Астаналық тұрғын танысының телефонын заңсыз иемденіп, ішіндегі ақшасын қолды қылған
Астаналық тұрғын танысының телефонын заңсыз иемденіп, ішіндегі ақшасын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмысқа қатысы бар 41 жастағы ер адамды анықтады.
Аталған азамат танысымен пәтерде алкогольдік ішімдік ішкен. Ішкен ішімдіктері жеткіліксіз болып көрінген соң жәбірленуші досына телефонын құпия сөзін айтып, тағы да алкогольдік ішімдік алу үшін дүкенге жіберген.
Пәтерге сатып алған заттарымен оралған соң екеуі отырысты жалғастырған. Ер адам ішімдік ішкен серігінің ұйықтап кеткен сәтін пайдаланып телефонын иемденіп, өз бағытына кетіп қалған. Пәтерден шыққан соң телефоны арқылы сауда жасап, қалған 130 мың теңге көлеміндегі ақшаны қолма-қол шығарып алып, Степногорск қаласына жол жүрген. Иемденген телефонды досына сатып жіберген.
Ер адамды астаналық полицейлер Степногорск қаласында ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексеріп жатыр.