Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада жалдамалы жұмыскер ұрлық жасады деген күдікке ілінді

Астанада жалдамалы жұмыскер ұрлық жасады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полицияға қала тұрғыны арызбен жүгініп, пәтерін жөндеуге жалданған жұмыскер жеке мүлкін ұрлап кеткенін хабарлаған.

Есіл ауданының ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы елордалықты анықтады. Тергеу барысында анықталғаны, ер адам сол жақ жағалауда орналасқан тұрғын үйлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Үй иелерінің жоқтығын пайдаланған қаскүнем пәтерден электро техниканы (ноутбук, музыка колонкасы) және жұмыс берушісінің аяқ киімін жасырын алып кеткен.

Келтірілген материалдық шығын 200 мың теңгеге бағаланды.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам өз ісін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру