Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының тұрғыны мың литр дизель мен аккумулятор ұрлаған

Қарағанды облысында арнайы техникадан мың литр дизель отыны мен аккумулятор ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Шет аудандық полиция бөліміне жер жұмыстарымен айналысатын Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы шағымданып, белгісіз біреу аудан орталығынан бірнеше шақырымда тұрған 3 арнайы техникадан 1000 литр дизель отыны мен 4 аккумулятор ұрланғаны туралы хабарлады. Серіктестікке келтірілген шығын көлемі 855 мың теңгені құрады. Осы ұрлықтың салдарынан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмысы тоқтап қалған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы аудан тұрғыны ұсталды. Күдікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмыскерлері ұйықтаған уақытта ұрлық жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдікті ұрланған заттардың жартысын сатып, жартысын өз пайдасына жұмсамақшы болғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру