Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының полицейлері есірткінің 4 мыңнан астам дозасын жойды

Маңғыстау облысының полицейлері есірткінің 4 мыңнан астам дозасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қазан күні таңғы сағат 08:00-де Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтау – Жаңаөзен жолында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Toyota Alphard автокөлігін тоқтатты.

Көлікті тексеру барысында ішінен марихуана есірткі заты салынған қорап табылып, тәркіленіп алынды.

Бұдан әрі, тінту кезінде 34 жастағы күдікті жолаушының күртешесінің қалтасынан гашиш салынған бума тәркіленді. Табылған заттардың жалпы салмағы – 1,3 келіден астам.

Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша Маңғыстау облысы полиция департаментінде тіркелді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру