Қызылордалық полицейлер ірі компаниядан 33 млн теңгеге жуық ақшаны заңсыз иеленген азаматты құрықтады
Қызылордалық полицейлер ірі компаниядан 33 млн теңгеге жуық ақшаны заңсыз иеленген азаматты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қазан күні Қызылорда облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында Атырау қаласында іздеуде жүрген Қызылорда қаласының тұрғынын қолға түсірді.
Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі(Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Анықталғандай, бұл азамат осы жылдың шілде айында алаяқтық жолымен ірі компаниядан 33 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген.
Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Жедел уәкілдер іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде 37 жастағы күдіктіні облыс орталығында ұстады.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.