Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда Түркістан облысынан келген қалта ұрысы ұсталды

Алматыда Түркістан облысынан келген қалта ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының 42 жастағы тұрғыны кем дегенде төрт ұрлық жасаған. Ер адамның қоғамдық көлікте немесе аялдамаларда қалта ұрлығын жасағаны белгілі болды: қарбалас уақытта, жолаушылар мен адамдардың назары басқа жақта болғандығын пайдаланып, отырғызу және түсіру кезінде бірнеше жолаушының қалтасын тексеріп үлгерген. Ол ұрланған телефондарды үшінші адамдарға арзандатылған бағамен сатқан.

– Біздің бөлімшенің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 42 жастағы Х.есімді азаматты ұстады. Күдіктіден ұрланған телефондар тәркіленді, ол оны сатып үлгермеген. ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Айтпақшы, ұсталған азамат еш жерде жұмыс істемейді, бұрын да осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Полиция қызметкерлері оның жасаған қылмыстары әлдеқайда көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды және азаматтарды ұсталған адамды таныған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-778-907-77-52; 8-700-610-00-07 және 8-776-000-00-47.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру