Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда Республика күніне орай полицейлер спорттық сайысқа қатысты

Түркістанда Республика күніне орай полицейлер спорттық сайысқа қатысты – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика күні мерекесіне орай Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің қолдауымен жеке құрам арасында ауқымды спорттық сайыс өтті.

Іс-шараға әрбір қала, аудандық полиция басқарма, бөлімінен 4 қызметкер қатысты. Жарыс оқ ату, жылдамдыққа жүгіру, шыдамдылыққа жүгіру, кермеде тартылу бойынша өтті.

Нақтырақ айтсақ, 30 жасқа дейін қатысқан қызметкерлер арасынан І орынды Әділет Жақсылық, ІІ орынды Бағлан Нұрсейіт, ІІІ орынды Заманбек Тәжен жеңіп алды. Ал 35 жасқа дейінгі қызметкерлер арасынан І орынды Бағлан Жұманов, ІІ орынды Нұрлан Икимбаев, ІІІ орынды Айдос Сартпаев иеленді. 40 жасқа дейінгі жарысқа түскендердің ішінде І орынды Бекбол Жиренбаев, ІІ орын Жәнібек Смайлов, ІІІ орынды Олжас Қожабеков иеленді. 40 жастан жоғары қызметкерлер арасында І орын Марат Тұңғатовқа, ІІ орын Нұрсұлтан Ашимовқа, ІІІ орын Бағдат Әбілқасымовқа бұйырды. Ал командалық есеп бойынша І орын Сауран АПБ-ға, ІІ орын Мақтаарал АПБ-ға, ІІІ-орын Төлеби АПБ-ға берілді.

Жарыс жүлдегерлеріне департамент бастығының атынан бас полицейдің бірінші орынбасары Бағланбек Айтпаев грамота, алғыс хат пен бағалы сыйлықтар үлестірді.

– Құрметті әріптестер, мереке құтты болсын! Республикамыздың аты өзге мемлекеттер арасында тек жақсы жағынан танылып, сіздердей батырларымыз елімізді көркейтуге үлесін қоса берсін! Отбасыларыңыз аман болсын! Алған грамоталарыңыз позитивті серпіліс беріп, алдағы уақытта да биіктен көрінуге сеп болсын, – деп атап өтті Б.Айтпаев.

Өз кезегінде жүзден жүйрік болып, марапатталған полицейлер алғыс айтып, Қазақстан Республикасына қызмет ететіндіктерін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру