Жамбылдық полицейлер ұрлық дерегін "ізін суытпай" ашты
Жамбылдық полицейлер ұрлық дерегін "ізін суытпай" ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қазанда Жамбыл ауданының 46 жастағы тұрғыны полиция бөліміне мал ұрлығы туралы арызбен жүгінді. Ер адам бір күн бұрын белгісіз адамның қорасынан 6 қойын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген залал көлемі - 300 мың теңге.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 1-бөлігі (Мал ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 21 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.