Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны кинотеатр бөлмесінен ноутбук ұрлады деген күдікке ілінді

Астананың 21 жастағы тұрғыны кинотеатр бөлмесінен ноутбук ұрлады деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл аудандық ПБ-ның криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері кинотеатр бөлмесінен гаджет ұрлауға қатысы бар жас жігітті анықтады.

Анықталғандай, 21 жастағы жігіт қызды бірге фильм көру үшін кинотеатрға шақырған. Ол отырыс аяқталғаннан кейін өзін ешкім бақылап отырмағанын пайдаланып, үстел үстінде жатқан Macbook-2 ноутбугін жасырын алып шығып, 300 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Оңайдан түскен ұрланған затты бірден сатып жіберуді көздеген. Алайда сатып үлгермеді. Ол жедел-іздестіру іс-шарасы барысында құрықталды.

Полиция қызметкерлері айғақтарды тәркілеп, осы фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілшіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру