Шымкент полицейлері базарда аналарынан адасып қалған екі баланы іздеп тапты
Шымкент полицейлері базарда аналарынан адасып қалған екі баланы іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай аудандық полиция басқармасының «102» арнасы арқылы қала базарларында 6 жастағы ұл мен 4 жасар қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аналары сауда жасау кезінде бүлдіршіндерінен көз жазып қалғанын жеткізді.
Учаскелік инспекторлар мен ювеналды полицейлер балалардың фотосуреттерін, сырт келбеті мен киімдерін сипаттайтын бағыттаманы алып, дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Жоғалған екі бала да бір сағаттан аз уақыт ішінде табылып, заңды өкілдеріне аман-есен табысталды.
Шымкент қаласы полиция департаменті балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғаларға жол бермеу үшін оларды қараусыз қалдырмау қажет екенін еске салады.