Қызылорда облысы ПД бастығының міндетін атқарушы онлайн режимде облыс тұрғындарына есеп берді
Қызылорда облысы ПД бастығының міндетін атқарушы онлайн режимде облыс тұрғындарына есеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Ілияс Жұмағұлов облыс тұрғындары алдында есептік кездесу өткізді. Ілияс Жұмағұлов жыл басынан атқарылған жұмыстың нәтижесі сараланған есептік кездесу барысында тікелей эфирде тұрғындармен тілдесіп, олардың сұрақтары мен толғандырған мәселелері бойынша жауап берді.
Халық алдында есеп беру кездесуін Ілияс Жұмағұлов ашып, қылмыстық ахуал мен қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы атқарылған жұмыс туралы айтып өтті. Облыс көлемінде қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыс саны төмендеп, қылмыстық ахуалдың тұрақты екендігін сөз етті.
– Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында заңдылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау мемлекеттің ұдайы назарында екендігін мәлімдеп, тәртіп сақшыларына азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуді міндеттеді.Осы ретте, Мемлекет басшысымен алға қойған міндеттердің сапалы орындалуына, елімізде заң үстемділігі мен әділдікті сақтауда нақты нәтижелерге қол жеткізуге барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр, – деді Ілияс Жұмағұлов.
Жалпы, облыс көлемінде тіркелген қылмыстар саны 3 пайызға, оның ішінде, аса ауыр қылмыстар, ұрлық, мал ұрлығы, бұзақылық, интернет-алаяқтықтың саны төмендеді. Қоғамдық орындарда, көшеде, мас күйінде, қарумен жасалған қылмыстар азайды.
Тікелей эфир барысында өткен есеп беру кездесуі барысында Ілияс Жұмағұлов бүгінгі күні қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі жасөспірімдер арасындағы қылмыстылыққа жіті тоқталып өтті. Осы жылы олармен жасалған 42 қылмыс тіркеліп, 53 жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде, 16 мектеп оқушысы, 32 колледж студенттері және 5-уі жұмыссыздар. 6251 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілсе, оның ішінде түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын – жайдан тыс жерде жүрген 4700 кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рейдтік шаралар барысында түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 112 кәсіпкер, жасөспірімге алкоголь өнімін сатқаны үшін 9 сатушы анықталды. Полиция есебіне 101 жасөспірім, 112 қолайсыз отбасы алынды. Алдын алу мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Бала-Заң-Қауіпсіздік» профилактикалық іс-шаралары мен «Мен және менің полицейім», «Абайлаңыз балалар» атты акциялары өткізілді.
Жасөспірімдердің қылмыс жасауына әсерін беретін факторлар: отбасындағы қолайсыз жағдай, тәрбиелік жұмысты аз жүргізу, сабаққа бармау, интернет желілерін дұрыс қолданбау және ата-аналар тарапынан бақылаудың әлсіздігі.
Осы ретте қоғам болып, ата-ана, ұстаздармен бірлесіп, жас ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлық танытпауымыз қажет. Тек бірлесіп қана еліміздің болашағының қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз!» деді Ілияс Жұмағұлов.
Сонымен қатар тікелей эфир барысында полиция жұмысын жаңғырту, азаматтардың құқығын қорғайтын тәртіп сақшысының имиджін қалыптастыру, сонымен қатар, цифрландыру жөнінде айта келіп, тәртіп сақшылары мен халық арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру полиция қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыратынын алға тартты.
Ілияс Жұмағұлов азаматтардың сауалдарын, толғандырған мәселелерін мұқият зерделеп, түйткілді мәселелерін жақын арада шешуге тырысатынын жеткізді.
Онлайн режимде өткен есептік кездесу барысында тұрғындардың бірі белгілі бір аймақтарда жол белгілерін орнату, көші-қон заңнамасы бойынша, интернет-алаяқтық қылмыстарын болдырмау және алдын алу үшін нақты қандай шаралар қабылданғаны туралы толық мәлімет алғысы келсе, енді бірі полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі. Тұрғындардан түскен сұрақтардың бағыты сан алуан. Бастысы – ешбір сауал назардан тыс қалмады.
Есептік кездесудің өтуі жөнінде әлеуметтік желілерде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында алдын ала арнайы хабарландыру жарияланған болатын. Бұл хабарландыруға сәйкес, облыс және қала тұрғындары өз сауалдарын электрондық пошта, әлеуметтік желілер арқылы жолдауларына мүмкіндік алды.
Департамент бастығының міндетін атқарушы Ілияс Жұмағұлов тікелей эфир барысында түскен арыз-шағымдар мен сұрақтарды жіті назарға алып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Барлық өтініштер полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынды.