Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеуге шақырады

Павлодар облысының полицейлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс атқарып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы көптеген заңсыз әрекет жасырын болады, бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуді қиындатады. Әйелдер оны айтудан аяқ тартады, туыстары мен таныстарын айыптаудан ұялады, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастың нашарлауынан қорқады. Полиция қызметкерлері мамандармен бірлесіп, осындай отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған жұмыстаржы жүйелі түрде жүргізіп жатыр.

Мәселен, Павлодар қаласының ПБ әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Бақытжан Тұрсаринова «Балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу Павлодар қалалық орталығы» КММ-дағы әйелдермен профилактикалық әңгіме өткізіп, құқықтық аспектілерді түсіндіріп, сондай-ақ әлеуметтік мәселелер бойынша көмек көрсетілді.

Айта кету керек, полицейлер отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы бұзушылықтардың алдын алу және анықтау мақсатында тұрақты негізде іс-шаралар өткізеді. Тұрмыс саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасауға бейім, спирттік ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдардың, қолайсыз отбасылардың, сондай-ақ полицияда есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүзеге асырылады.

Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында ішкі істер органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке алдын алу шараларын қолдану құқығы берілген. Мысалы: профилактикалық әңгіме, қорғау ұйғарымы, әкімшілік жаза, мінез-құлыққа ерекше талаптар белгілеу, ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу.

Биыл Павлодар облысында құқық қорғау органдары құқық бұзушыларға 4500-ге жуық қорғау ұйғарымын шығарды, соттар полицияның өтініші бойынша 600-ден астам ерекше талап қойды.

Павлодар облыстық полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, мұндай фактілерді жасырмай, полицияға «102» нөмірі бойынша немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының 8 (7182) 37-80-84, 87057072879 сенім телефондары арқылы хабарласу қажет екенін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру