Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында заңсыз аң аулаған азамат анықталды

Абай облысында заңсыз аң аулаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үржар ауданының қорғалатын табиғи аумағында 45 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен Нива автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде автокөліктің жүк салғышынан жабайы қабанның бөлінбеген ұшасы табылды. Оны атуға ұсталған адамның рұқсат құжаттары болмай шықты.

Ұсталған тұрғыннан 16 калибрлі бір тегіс ұңғылы мылтық та тәркіленді.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Қазіргі уақытта жануардың түрін анықтау және атылған қабанның жойылып кету қаупі бар-жоғын немесе пайдалануға тыйым салынған жануарды анықтау мақсатында сот-сараптамалық биологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар баллистикалық сараптама тағайындалды.

Осы қылмыстық істің сараптамаларының қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру