Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Жамбыл облысында мас жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында мас күйдегі жүргізушілерді анықтау мақсатында жергілікті пысықтау жүргізіліп отырады.

27 қазан күні сағат 12:10 шамасында Қаратау қаласының көшелерінің бірінде полиция қызметкерлері Changan SC автокөлігін байқаған. Автопатруль экипажының инспекторлары жүргізушіден тоқтауды сұраған, алайда ер адам тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбай, жүруді жалғастырған.

Полицейлер жүргізушіні қуып жетіп, көлікті тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында Талас ауданының 50 жастағы тұрғыны көлікті масаң күйде басқарғаны байқалды.

Медициналық сараптаманың қорытындысы сәйкес оның мас күйде көлік басқарғаны расталды.

– 2020 жылдың қаңтар айында құқық бұзушы сот шешімімен 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деді Талас АПБ бастығының бірінші орынбасары Мадияр Қожахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру