Семейде жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды
Семейде жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан Абай облысының полицейлері пилоттық режимде Sergek Qorgau мобильді қосымшасын тестілеуді бастады.
Бүгінгі таңда жоба патрульдік қызмет батальонының жұмысында қолданылады және жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды ұстауға көмектеседі.
Бұрын хабарланғандай, Sergek Qorgau — полиция қызметкерлерінің жұмысына арналған мобильді қосымша. Қосымша патрульдік полицейлердің планшеттеріне орнатылады және қала жолдарындағы «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендерімен біріктірілген.
Осы жылдың 5 қарашасында БАРС-618 автопатрулі патрульдеу маршрутында агрессивті жүргізген көлік құралын басқарған жүргізушіні байқады.
Оның ауыр зардаптарға, соның ішінде адамдарға соқтығысуына жол бермеу мақсатында полицейлер оны база бойынша тексеріп, LEXUS жүргізушісінің жалған нөмірде жүргенін және 522 мың теңге сомасында ЖҚЕ бұзушылықтарға жол бергенін анықтады.
Құқық бұзушыға қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, көлікті айыппұл тұрағына қамады.