Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері әкесін жарақаттаған күдіктіні құрықтады

Ақмола полицейлері әкесін жарақаттаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 5 қарашасында Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел медициналық жәрдем станциясы диспетчерінен қабылдау бөлімшесіне Көкшетау қаласының тұрғыны пышақ жарақатымен жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері күдікті адамды анықтады. Ол жәбірленушінің уақытша жұмыс істемейтін 21 жастағы ұлы болып шықты. Бұрын күдікті денсаулығына байланысты психиатриялық есепте болғаны белгілі болды.

Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру