Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда алаяқтарға сенген ер адам млн теңгесінен айырылып қала жаздады

Рудныйда алаяқтарға сенген ер адам млн теңгесінен айырылып қала жаздады. Учаскелік полицейлер алаяқтық дерегінің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алаяқтардың сөзіне сеніп, банктен несие рәсімдеген 56 жастағы ер адам қаскүнемдерге ақша аудармақ болған. Қуанышқа орай полиция қызметкерлері бұл жайтты дер кезінде байқап қалған.

– 6 қараша күні дүкендердің бірінде терминалдың жанында әбігерге түскен адамды байқадық. Әрекеттері біртүрлі болып көрінген соң, біз не болып жатқанын білу үшін оған жақындадық. Азамат белгісіз тұлғаларға 1 миллион теңге көлемінде ақша аударғалы тұр екен. Әңгімелесу барысында ер адамның алаяқтарға ақша аударғысы келетінін түсіндік, – деді учаскелік полиция инспекторы Ерлан Абдульманов.

Анықталғандай, алаяқтарға сенім артқан қала тұрғыны банктен несие рәсімдеп, олардың шотына аудармақ болған.

Учаскелік полиция қызметкері бұл жайттың себебін анықтап жатқанда, алаяқтар қоңырау шалуды тоқтатпағанын атап өтті. 

Нәтижесінде полицейлер ер адамға мұның өтірік екенін түсіндірді. Содан ер адам банкке қайта барып, несиесін толық жауып тастады.

Тұрғынның өзі айтқандай, ол гипнозға ұшыраған сияқты. Оған 5 қараша күні кешке “банк қызметкері” қоңырау шалып, оның атына несие алуға тырысып жатқанын және мәселені шешу үшін белгілі бір қаражат қажет екенін айтты.

Полиция қызметкерлері осылай басталған алаяқтықты тоқтатты. Қала тұрғыны тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру