Ақмолалық кәсіпкердің құны 3 млн теңгеден асатын құрылыс материалдары ұрланды
Ақмолалық кәсіпкердің құны 3 млн теңгеден асатын құрылыс материалдары ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қарашада Көкшетау қаласының полиция басқармасына жеке кәсіпкерден ұрлық фактісі туралы өтініші келіп түсті. Әйел салынып жатқан нысанның аумағынан 3 млн теңгеден астам сомаға материалдар ұрланғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қатысуы тексеріліп жатқан тұлға анықталды. Күдікті бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Салынып жатқан дүкеннің аумағынан ер адам 5 тонна арматураны, шамамен 70 дана тақтай, 10 куб цементті ұрлап әкетіп, кейін ұрланғанды әртүрлі сауда орындарында сатқанын мойындады.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.