Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ЖҚАЖ қызметкерлері “Бүркіт” фильмін тамашалады

Павлодарда ЖҚАЖ қызметкерлері “Бүркіт” фильмін тамашалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда полиция қызметкерлері қазақстандық “Бүркіт” фильмін тамашалады. Тәртіп сақшылары фильмнен алған әсерлерімен бөлісті.

– Біздің көптеген әріптесіміз “Бүркіт” арнайы бөлімшесіндегі әріптестеріміздің қызметі туралы баяндайтын бұл фильмді көруге мүмкіндік алды. Бұл фильмде өмірге үлкен қауіп төнгеніне қарамастан, қызметкерлер зиянкестерге қалай қарсы тұратыны тамаша бейнеленген. Фильмде барлық жігіттер жас, бірақ патриотизм сезімі бәрінде бар. Фильмді бір деммен көрдім. Мен ЖҚАЖ-да қызмет етемін және әрқайсымыз үнемі тәуекелге барамыз деп сенімді түрде айта аламын, – деп Павлодар облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Нұрсұлтан Хасанов фильм туралы өз әсерімен бөлісті.

Нұрсұлтан – Департаменттің мақтанышы, 2012 және 2015 жылдардағы Азия чемпионы атағына ие, Әлем кубогының иегері және кикбоксингтен әлем чемпионы, көптеген жыл бойы Қазақстанды халықаралық аренада лайықты таныстырып келеді. Фильм экшн форматында, нақты оқиғалармен және әскери техниканың, авиацияның және арнайы күштердің жауынгерлерінің қатысуымен түсірілген.

– Сценарий бойынша арнайы күштердің үш досы арнайы күштердің символы – күрен беретке лайық болу үшінең қатал сынақтардан өтеді. Олар бойындағы жауапкершілік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімі арқасында құрметке ие болды. Осындай пайдалы фильм үшін кинорежиссерлерге рақмет, – деді Павлодар облысы ПД ЖҚАЖ инспекторы Жасұлан Серікқазы. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру